Kyzylorda-news.kz. Осы жылы Жаңақорған ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру шараларын қабылдау және барлық нысанға кезең-кезегімен түгендеу (паспорттау) жұмыстары жүргізілуде. Мүгедектерге «кедергісіз орта» қалыптастыруға байланысты аудан бойынша 232 мекеме айқындалса, одан 202 мекеме толық бейімделген. 30 мекемеде тактилді тақталар, сары жолақтар толық орнатылмаған.

2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 100 пайыз кедергісіз ортамен қамтамасыз етуге қол жеткізу белгіленсе, оның ішінде 2021 жылға жоспарланған 32 мекеме толығымен бейімделіп, қолжетімділіктің интерактивті картасына 100 пайыз енгізілді. Барлық мекеме 2023 жылы толық бейімделеді деп жоспарлануда.
Жаңақорған кентінің орталығындағы 10 жол-көлік бағдаршамының біреуіне синхронды-дыбысты анимациялық қондырғы және 8 жерге мүгедек және зағип жандарға арналған жаяу жүргінші өткелінің жол белгілері орнатылған.

Ауданда 1-топтағы мүгедектерге мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын “Инватакси” қызметі үшін 3 автокөлік қызмет көрсетсе, оның ішінде 1 автокөлік мүгедектерді отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаны бекітуге арналған құралдармен жабдықталған.

Тағы да оқыңыз: