Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин бүгін жұмыс сапармен Сыр еліне келді.

Облыстағы эпидемиолог мамандармен, «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының басшылығымен кездесіп, аймақтағы ахуалмен танысты.  Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды, атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады.

Нәтижесінде жағдайдың күрделенгенін назарға алуды тапсырып, атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі  күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының осы бағытта жүзеге асырып жатқан тәжірибесін ортаға салды.

Тағы да оқыңыз: