Kyzylorda-news.kz. Қызылордада оңай жолмен ақша тапқысы келген күдіктілер оқиға орнында ұсталды.  

12 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының полиция бөліміне кенттегі дүкен ішінде белгісіз біреулердің жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің шатыры арқылы ішіне түсіп, «Каспи банк» терминалдарын болгаркамен кесіп бұзып жатқан жерлерінен екі ер азамат ұсталды. Олар 42 жастағы және 34 жастағы кент тұрғындары екені белгілі болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан заттай дәлел ретінде қылмыс құралдары алынды: болгарка, дрель, монтировка, плоскогубцы.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 бөлігіне және 188-3 баптың 3 бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: