Kyzylorda-news.kz.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Жалағаш ауданда арнайы құрылған мониторингтік топ жергілікті кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланатын орындарға күнделікті үздіксіз рейд жүргізуде.

Мониторингтік топ рейд барысында дүкендерде қызметкерлердің маскамен жүруін, тұрғындарға медициналық қолғаппен қызмет көрсетуін, дезинфекция құралдарын пайдалануын, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақталуын тұрақты бақылап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Осы ретте, аудан тұрғындарын аурудан қорғану мақсатында үнемі маска мен қолғап киюге, әрдайым қорғаныш құралдарын пайдалануға, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға, өзінің және жақындарының денсаулығына жанашырлықпен қарауға шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: