Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының Аққұм ауылының тұсында Өзбекстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі өртенді. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының 1731 шақырымында тіркелді. Өзбекстаннан Ресейге бет алған «Mercedes-Benz Actros» маркалы жүк автокөлігі тіркемесімен өртенді.

«Жүк көлігінде сыпырғы тиелген. Ол толығымен жанды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті №11 өрт сөндіру бөлімінің 5 маманы мен 1 техникасы қатыстырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: