Kyzylorda-news.kz. Былтыр Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған күн сәулесінен 30 мВт энергия өндіретін электр станциясының құрылыс басталған. Оған кент аумағынан 164 га жер учаскесі берілген болатын. 

«Құны 19,0 млрд. теңге тұратын жобаның бастамашысы «Nomad Solar» ЖШС. Жобаның құрылыс жұмыстарын Греция мемлекетінің «Метка» компаниясы жүргізіп, бүгінгі таңда жоба іске қосылуға 100 пайыз дайын», – делінген аудан әкімдігінің таратқан хабарламасында.

Жоба іске асқан уақытта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ жергілікті бюджетке жыл сайын 120 млн. теңге көлемінде кіріс түсімі түсетін болады.

Тағы да оқыңыз: