Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Еңбек ауылдық округінде “Алтын дән-2019” мерекесі аталып өтілді.

Мерекелік шараның алғы сөзін ауыл әкімі Қайрулла Қалданов ашып, барша диқандар қауымын мерекемен құттықтады.

Шара аясында “Еңбек Жер” ЖШС төрағасы Шакизатxан Искаков еңбек озаттарына 72 млн теңге көлеміндегі сыйлық  табыстады. 5 еңбек озатына автокөлік кілтін, 3 еңбек озатына тұрғын үй кілтін, сондай-ақ қаржылай сыйлықтар табыстады.

Айта кету керек, жыл қорытындысымен ауылшаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, күріштің әр гектарынан 63 центнерден өнім жинады. Облыстық «Алтын дән – 2019» мерекесінде «Үздік аудан» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. 21 800 гектарға егілген күріштің әр гектарынан 63,0 центнерден 137 400 тонна күріш жиналды. Бұл көрсеткіштерде Еңбек ауылы диқандарының да үлесі зор.

Сондай-ақ,  аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен өткен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III облыстық форумында “Еңбек-Жер” ЖШС директоры Шакизатхан Искаков “Аймақтың өркендеуіне қосқан үлесі үшін” номинациясымен марапатталған.

Тағы да оқыңыз: