Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Ағаділов Жалағаш ауданында «COVID-2019» коронавирус пандемиясының алдын-алу мақсатында қойылған санитарлық бекеттерде кезекшілікке түсетін қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың болдырмау, алдын-алу және анықтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызметкерлерге санитарлық бекеттердегі қызмет атқару барысында қырағылық танытып, бекеттен тек қана арнайы рұқсаты бар азаматтар мен автокөліктерді ғана өткізу туралы тапсырмалар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажет екені ескертіліп, қойылған талаптарды қатаң сақтау талап етілді.

Тағы да оқыңыз: