Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында аурухана құрылысынан «Redford» маркалы аккумуляторын білгісіз біреудің жасырын ұрлап кеткені туралы серіктестік басшылығы Жалағаш аудандық полиция бөліміне арызданған.
Аудандық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 24 жастағы кент тұрғыны анықталып, ұсталды. Аккумулятор заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Сонымен қатар, тексеру барысында күдіктінің маусым айында екі мәрте жоғарыда аталған құрылыстан 7 дана жылу батареяларын жасырын ұрлап кеткендігі анықталды. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ұрлаған заттарды сатып жібергенін көрсетті. Қәзіргі таңда заттай дәлелдеме ретінде батареялар алынды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1, 3 бөліктерімен (Ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мекеме басшылығы Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыстарын білдіруде», -делінген полиция департаментінің хабарламасында.