Kyzylorda-news.kz. Жалағашта нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.

Жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 45 адам оқу курсынан өтті. Ал бағдарламаның екініші бағыты бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған 74 адамға 337,7 млн теңге көлемінде шағын несие берілді. Бүгінде несие алған азаматтардың 63-і өз кәсібін ашты. Нәтижесінде 75 жаңа жұмыс орны құрылды.

Биыл ауданда «Бастау Бизнес» жобасы аясында 185 адам онлайн оқытуға жолданса, 117-і қаржылай қолдауға ие болды.

Айта кетейік, ауданда жұмыссыздықты азайту мақсатында тиісті жұмыстар жасалып, жыл басынан бері 1363 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 940-ы тұрақты.

Тағы да оқыңыз: