Жалағашта 3 отбасыға баспана кілті табысталды – Kyzylorda News
Басты бет

Жалағашта 3 отбасыға баспана кілті табысталды

10.04.2021, 18:11

654 0

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш кентінде «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шараға Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Асылбек Шаменов қатысты.

Шарада баспанаға мұқтаж, жалғызбасты, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 3 баспананың кілті табысталды. Сонымен қатар 10 отбасыға 30000 теңге көлемінде қаржылай сертификат, 100 отбасыға азық-түлік таратылды.

0

Пікір қалдыру