Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі болып Есжанов Асқарбек Темірбекұлы тағайындалды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында Жалағаш ауданының жаңа әкімін таныстырды.

Жиында аймақ басшысы Шәменов Асылбек Өмірбекұлының Қызылорда қаласының әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты Жалағаш ауданының әкімі қызметінен босатылғанын хабарлап, екі жылдан астам уақыт ішінде ауданның дамуына лайықты үлесін қосқанын атап өтті.

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Жалағаш ауданыдық мәслихаттың келісімі бойынша Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Есжанов Асқарбек Темірбекұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы жаңа әкімнің қызметініне сәттілік тіледі.

«Асқарбек Темірбекұлы басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын білікті азамат.Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, Қызылорда қалалық мәслихат аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болған.2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымында абыроймен қызмет атқарып келді.Сондықтан, Мемлекет басшысының саясаты аясында берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, Өздеріңізбен бірге туған жері Жалағаш ауданын одан әрі дамытуға аянбай жұмыс жасайтынына сенемін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында сөз алған ардагерлер қауымы жаңа әкімнің қызметіне тілеулестік екенін айтып, қолдауын жеткізді.

Асқарбек Есжанов 1978 жылы дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастады.

Одан кейін 2002-2005 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасының кітапхана, музей, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінде маман, бас маман болса, 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық сотында, 2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Ал 2010-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихатының аппарат басшысы болды.

2019-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызмет атқарды.

2020-2021 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тағы да оқыңыз: