Kyzylorda-news.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшысының тиісті бұйрығы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды.

Жоба 24 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатта қандай өзгерістер қарастырылған?

Егер жаңа ережелер ресми түрде бекітілсе, онда зейнетақы жинақтары есебінен банк алдындағы қарыздарды ғана емес, жұмыс берушіден алған қарыздарды да өтеуге болады.

БЖЗҚ-дан қаражат аудару мерзімі ұзартылды. Яғни, үш жұмыс күннің орнына банк 10 күн ішінде ақша аударады. Ал талқылауға шығарылған жаңа ережелер қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін пайдалану ауқымын кеңейтеді. Мысалы, жұмыс берушісінен баспана сатып алу үшін несие алған қазақстандықтар енді қарызын зейнетақы төлемдерінен қайтара алады. Бұл ретте сатып алынған жылжымайтын мүлік міндетті түрде кредитордың кепілдігінде болуы тиіс. Сондай-ақ баспана сатып алуға ақша жинап жатқандарда зейнетақы төлемдерін тұрғын үй құрылысы салымының шотына аудару мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар жаңа ережелер жер учаскесін үйге міндетті қосымша ретінде ғана емес, жеке жылжымайтын мүлік ретінде де сатып алуға мүмкіндік береді.

«Хабар 24»

Тағы да оқыңыз: