Kyzylorda-news.kz. Бүгін арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 09:00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Содан бергі үш сағат ішінде 4 509 өтінім қабылданды. Қазіргі кезде өтінім қабылдайтын сайт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деді баспасөз қызметінің маманы.

Банк мәліметінше, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 65 мыңға тарта арнайы шот ашылды.

Тағы да оқыңыз: