«Заңсыз-келуші»: 4 күнде 321 құқық бұзушылық анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

«Заңсыз-келуші»: 4 күнде 321 құқық бұзушылық анықталды

01.07.2022, 10:00

245 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс аумағында өтіп жатқан «Заңсыз-келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының 4 күнінде 321 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған243 шетелдік  анықталды, сонымен қатар, шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 78 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. 

Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 17 азаматы елімізден шығарылды.

«Құрметті облыс тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.

Егерде заң талаптарын орындамай өрсекел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетін болады»,- деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.