Kyzylorda-news.kz. Қазір кәсіпкер ретінде тіркелгісі келетіндер көп. Не болмаса кәсіпкерлік нысанның не болмаса мекен-жайы ауысып жатады. Бұл үшін заңды тұлағалар бұрынғыдай құжат арқылып, қызмет көрсету орталықтарын жағалап жүрудің қажеті жоқ.

Қолданыстағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының талаптарына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Электронды үкімет порталы» арқылы жүргізуге болады.

Төменде көрсетеліген қызмет түрлерін электронды түрде тапсыруға болады:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.

Тағы да оқыңыз: