Ықылықтың сәби денсаулығына пайдасы анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ықылықтың сәби денсаулығына пайдасы анықталды

17.11.2019, 9:00

426 0

Kyzylorda-news.kz. Ғалымдар адамдарға ықылық тигенде олардың денсаулықтарында не өзгеретінін болжады. Олардың пайымдауынша, ықылық тию әсіресе сәби денсаулығына пайдалы екен. Себебі ықылық арқылы олардың ми жұмысы жақсаратын көрінеді, деп хабарлайды  Риа Новости.

Британияның Лондон университеттік колледжі ғалымдары ықылық тигенде, сәбилердің ми жұмысы жақсаратынын айтқан. Зерттеушілердің сөзінше ықылық сәбиге ана құрсағында жатқанда, тоғыз айдан бастап тиеді екен.

Әсіресе ықылық шала туған нәрестелерде ұзағынан тиеді. Оларға он бес минут бойы тоқтамастан ықылық тиюі мүмкін.

Зерттеу 30-42 апта аралығындағы сәбилерге, олардың миын сканерлеу арқылы жүргізілген.

Сол сәтте олар ықылық тиген сайын, шақалақтардың миы белсенді түрде жұмыс істейтіндігін байқаған. Сонымен бірге олар ықылық арқылы сәбилердің тыныс алу жүйесі де қалыптасатынын дәлелдеген.

Ғалым Кимберли Уайхедтің айтуынша, ықылық адам өміріндегі құрсақта жатқаннан бастап дамитын, ми жұмысына оң әсер беретін, қалыпты құбылыс екен.

0

Пікір қалдыру