Kyzylorda-news.kz. Қазақстан үкіметі “ӨКМ Операторы” ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министр сайты.

“ӨКМ Операторы” ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді”, – делінген хабарламада.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – “Жасыл даму” АҚ орындайды.

2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.

Тағы да оқыңыз: