Kyzylorda-news.kz. WhatsApp әлемдегі ең танымал қосымша атағынан айырылды. Қазір TikTok әлеуметтік желісі бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

SensorTower сараптамалық компаниясының зерттеуі бойынша, қаңтарда TikTok пен оның қытайлық нұсқасы Douyin 104 миллион рет жүктелген. Қосымша жарыққа шыққалы оған 1,82 миллиард қолданушы тіркелген. 

Қосымшаны көбіне Үндістан, Қытай, Бразилия мен АҚШ тұрғындары қолданады. 

TikTok – қытайлық ByteDance компаниясы жасаған платформа. Әлеуметтік желіде қысқа видеоларды бөлісуге болады.

Тағы да оқыңыз: