Kyzylorda-news.kz. Вакцина алмағандар жұмыстан ешқандай төлемсіз шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыс берушінің осындай құқы бар. Бұл жөнінде бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы санитарлық нормасы күшіне енді. Құжатта міндетті вакциналаудан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керектігі көрсетілген. Екпе алмағандар ПТР тест тапсыруы тиіс. Егер аталған талаптар орындалмаса, жұмыс беруші қызметтен шектей алады және ешқандай ақы төлемейді. Тек екіжақты келісім болса ғана айлықтың жартысын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін беруі мүмкін. Төлеген Оспанқұлов, –

«Осыған қатысты сауалдар жиі кездеседі. Еңбек кодексінің талаптары бойынша жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Денсаулық туралы кодекс бойынша бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемеуге де құқы бар», – деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/505894-elordada-vaktsina-alma-andar-zh-mystan-alaj-shettetiledi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Тағы да оқыңыз: