Kyzylorda-news.kz. 28 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізеді. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2019 жылдың 28 желтоқсанында «Air Astana» әуе компаниясы «Алматы – Нұр-Сұлтан – Алматы» және «Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша қосымша рейстер енгізеді. Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты – таңғы 05:00, Алматыдан ұшу уақыты – таңғы 07:00», – делінген хабарламада.

Bek Аir әуе компаниясы ұшағының апатында мерт болғандардың туыстары тегін тасымалданады.

Тағы да оқыңыз: