Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 22 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 наурызда солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ сақталады. Солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Тағы да оқыңыз: