​Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркінде Ұлттық домбыра күніне арналған “Ұлттың үні – Домбыра” атты мерекелік шара өтті.

​Шараға арнайы қатысқан шаһар басшысы Асылбек Шаменов алдымен ұлттық бұйымдар көрмесін, этноауыл үлгісіндегі алаңқайда ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалады.

​Мерекелік концерт қалалық Жастар театрының сахналауындағы тақырыптық қойылымымен басталды.

​”Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға деп білемін. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық”, – деген қала әкімі Асылбек Шаменов мереке аясында қаламызда ұлттық аспабымыздың ұлықталуына үлес қосып, талантты шәкірттер тәрбиелеп жүрген бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар тапсырды.

​Сондай-ақ, Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған “Күй керуен” атты жас домбырашылардың дәстүрлі облыстық байқауына қатысып, жүлдегер атанған жас күйшілерді марапаттады.

Тағы да оқыңыз: