Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты бірқатар салада жедел желі жұмыс істеп тұр.

Қазір «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 14-32 нөмірлі жедел желі жұмысы іске қосылды. Оған зардап шеккен бизнес нысандарының қожайындары хабарласа алады. Келтірілген шығын көлемін фото және видеоға түсіру керек.

Азық-түлікті негізсіз қымбаттатуға қарсы телефон желісі ашылды.

Елімізде әуе рейстері бойынша ақпарат алатын жедел желі ашылды. Желіде рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару мәселелері жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі. Ол үшін 8 7172 79 82 13 және 8 7172 79 82 14 нөмірлеріне хабарласу керек.

Call-орталық тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Желі «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар медициналық ұйымдардың жедел желісі ашылды. Қызметкерлердің қауіпсіздігін ескере отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ел бойынша орталықтардың жедел желісі іске қосылды. Төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін экранда көрсетілген нөмірлер бойынша 14-06 байланыс орталығының қосымша КОЛЛ-орталығы ашылды. Күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қолжетімді.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанның 24-і мен 5 қаңтар аралығында ҰБТ-ға құжат тапсыру керек болған. Тестілеу 10 қаңтардан басталып 1 ай ішінде өткізілуі қажет еді. Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың құқықтарын қорғау комитетінің жедел желісі іске қосылды.

ҚР БҒМ білім саласына қатысты сауалдар туындаған жағдайда хабарласуға болатын аймақтық жедел желі нөмірлерін жариялады.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ: 87172742528; 87771836567; 87013786629; 87761707383

Террористік шабуыл кезінде зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету мақсатында Республикалық адвокаттар алқасы заң көмегін көрсетуге қатысты мәселелер бойынша өтініштер қабылдау үшін аумақтық адвокаттар алқалары бойынша «жедел желіні» іске қосты.

Қызылорда облысының адвокаттар алқасы: +77087086606.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: