Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Туған жерге деген махаббат» атты байқауын ұйымдастырады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын байқау қала тұрғындары арасында алғашқы рет өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін әлеуметтік желілерде #Тәуелсіздікке30жыл, #Туғанжергедегенмахаббат, #Үздікжариялым #ҚызылордаАссамблея #Kyzylorda.Assambleya хэштегтерімен өз постыңызды орналастыру қажет.

Байқауға кез келген шығармашылық, өлең, эссе, ән, бейнеролик, фотосурет немесе тағы да басқа креативті жобалар арқылы қатысуға болады.

Байқау 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні қорытындыланып, ең үздік 3 жариялым таңдалады.

Жеңімпаздардың әрқайсысы ақшалай сертификатқа ие болады.

I орын – 50 000 теңге

II орын – 30 000 теңге

III орын- 20 000 теңге

Қосымша ақпарат алу үшін 70-03-92 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Тағы да оқыңыз: