Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт жұмыстары жалғасуда.

Қызылордада партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бақытбек Смағұл және облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ибайдулла Тілеп, “Есіктен Есікке” акциясы аясында Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті тұрғындары, көп балалы отбасы 13 құрсақ көтерген Батыр ана Салия Ахметова мен Әли Досхожаевтың шаңырағында болды.

Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, аудан көлемінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

“Партия Әйтеке би кентінде балық өнімдерінен жем шығаратын, декорлық кірпіш құрайтын, 3Д панель құрайтын, колонна құрылыс бұйымдарын шығаратын цехтардың ашылуына мұрындық болады.Қазалы қаласында кәмпит цехын, қапшық шығаратын, көкөніс өнімдерін өңдейтін, Әйтеке би кентінде ауыз су өндіру цехын, 2024 жылы нан шығаратын наубайхананы, 2025 жылы Бірлік ауылында попкорн өндіру цехын кеңейту жобаларын іске асырмақ”, – деді үміткер Ибайдулла Тілеп.

Өз кезегінде ардагерлер партияның жаңа бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.

«Қай дәуір болмасын, оның даму бағыты мен қоғамдық-саяси тұрақтылығы үстем тұруы шарт. Сонда ғана елдің береке-бірлігі артып, ішкі тыныстың демі бөгде сыртқа сезілмейді. Осы орайда халық мүддесін қорғайтын, демократиялық құндылықтарды сақтайтын берік ұстанымы бар партия қызметі қашанда қажет. Осы жолғы партия бағдарламасы да көңілге қонымды. Әрбір науқан сайын жоспарлаған бағдарламаларын жүзеге асырып, ел-халықтың сенімін ақтап келеді», – деді отағасы Әли Досхожаев.

Үміткерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

“Nur Otan” партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағы да оқыңыз: