Kyzylorda-news.kz.  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бүкіл ел ауқымында атап өтілетін айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облысының Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре халықтың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің құндылықтарын қорғау жолында еңбегімен ерекшеленген тәртіп сақшыларын марапаттады.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау хаты оқылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре сөз алып, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 158 полиция қызметкерлері марапатталды.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі медалімен» полиция подполковнигі Сыздық Сәкен, полиция капитаны Оспанов Ғабит, ІІ дәрежелі «ІІМ-дегі Үздік қызметі» төс белгісімен полиция капитаны Еркінбекұлы Табиғат, полиция капитаны Агибаев Бахытжан, полиция лейтенанты Кункабаев Аскар, ҚР ІІМ-нің «Алғыс хатымен» полиция полковнигі Маншарипов Айдарбек марапатталды. Еңбегі еленген тәртіп сақшыларының бұл жетістіктері әріптестері үшін үлгі, туыстары үшін мақтаныш.

Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық Полиция бөлімдері, Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері де бар.

Салтанатты жиын барысында полиция қызметкерлері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биографиясымен, жасампаз идеяларымен, бастамаларымен танысты.

Сонымен қатар, «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел игілігі жолындағы сіңірген еңбектері атап өтілді.

Тағы да оқыңыз: