Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы Мақтарал ауданының бірқатар ауылын су басуына байланысты Қызылорда облысының волонтёрлар штабы жанынан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша облыстық штаб құрылды.

Штаб тілсіз жаудан жапа шеккен Түркістан облысы тұрғындарына медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, киім-кешек, ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық заттармен гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Гуманитарлық көмек көрсету пунктінің мекен-жайы: Қызылорда қаласы сол жағалау 15 А, “Жастар орталығы” ғимараты

Тағы да оқыңыз: