Kyzylorda-news.kz. Жаңақорғандағы үгіт-насихат шарасы Түгіскен ауылдық клубында жалғасты.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері және жергілікті тұрғындар жиналған басқосуда «Nur Otan» партиясы атынан депутаттыққа түскен үміткерлер болып, сайлауалды бағдарламамен таныстырдық. 5 жылға арналған партия жоспары қандай мақсат-міндеттерді діттеп отыр? Ауыл халқы үшін қандай мүмкіндіктер жасалмақ?

Осы сауалдар төңірегінде ашық форматта сөйлесіп, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдадық. Өйткені көшбасшы партия үшін ел мүддесі, халық пікірі – басты орында. Халық сайлауға түсіп отырған партиялардың мүмкіндігін, бағдарламасын жақын тануы тиіс. Өйткені әрбір сайлаушының таңдауы – ел үшін маңызды. Мәселен «Nur Otan»-ның сайлауалды тұғырнамасында:

«Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй–коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады» – делінген.

Әрине, бұл бағдарламалардың ауылды гүлдендіруге бағытталуы көңіл қуантарлық.

Ауыл халқымен кездесуде сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту бойынша партия алдына қойған мақсаттарды баяндадық. Қазір ауыл азаматтары шағын болса да кәсібін ашуды көздейді. Біз өз кезегімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік мол екенін жеткіздік.

Басқосу соңында түгіскендіктер партияның сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді. 10-қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беру арқылы, өз үлесімізді қосамыз деді жұртшылық.

Тағы да оқыңыз: