Тоқаев: Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Kyzylorda News
Басты бет

Тоқаев: Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек

30.04.2021, 18:00

317 0

Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты.

«Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін», – деді президент.

Ол осы уақытқа дейін 75 мың адам қатысқан жобаның жеңімпаздарының алдында гүлденген, әділ, прогрессивті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын атап өтті.

Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды.

0

Пікір қалдыру