Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Мәскеудің Қызыл алаңымен жүріп өтті. Олардың шеруін трибунадағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жеңіс шеруінде бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастауымен 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері жүріп өтті.

Айта кетейік, салтанатты шеруге қатысушы мемлекеттер орыс алфабиті бойынша кезек-кезекпен бой түзеді. Қазақстандық сарбаздар Үндістаннан келген қонақтардан кейін алаңға саппен шықты.

Парад жүргізушісі болса қазақстандық жауынгерлерді “Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің үздік құрылымы” деп таныстырыпты.

Сондай-ақ Қазақстан тарапынан президенттен бөлек Ресейдің қорғаныс министрінің Сергей Шойгу шақыртуымен келген еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысты.

Тағы да оқыңыз: