Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Бірақ, азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айтты.

«Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көп азаматтар алдағы мереке күндеріне орай жоспар құрған болар. Дегенмен бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз. Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз. Бірақ азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді», – деді ол.

Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: