Kyzylorda-news.kz. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Үкіметтің алдында атаулы көмекті ашық әрі әділ көрсетуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Көмек ең алдымен көпбалалы отбасылардағы балаларға көрсетілуі тиіс. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек”, – деп санайды Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Президент көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті. Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленсе, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

“Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне баса мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік-патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: