Kyzylorda-news.kz. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуы керек. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында, карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», – деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Айта кетейік, биыл елімізде Рамазан айы 24 сәуір күні басталады.

Тағы да оқыңыз: