Төтенше жағдай: Қызылордада 308 құқық бұзушылық анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Төтенше жағдай: Қызылордада 308 құқық бұзушылық анықталды

14.01.2022, 12:00

508 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда өңірімізде төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 220 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен оның 7-не ескерту берілсе, 37-не айыппұл салынды, 136-ы әкімшілік қамаққа алынды. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша88 азамат анықталып, сот шешімімен 1-не ескерту, 3 айыппұл, 72 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

 «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетінін ескертеміз», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

0

Пікір қалдыру