Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Halyk Bank несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейтінін мәлімдеді.

«Қазақстанның жетекші банкі ретінде Halyk Bank бүгінгі күні елде орын алған төтенше ахуалға байналысты отандастарымыздың жағдайына алаңдаулы. Сол себепті банк Үкімет пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын қолдай отырып, келесі қадамдарды қабылдады», – деп атап өтті Halyk Bank.

Осы мәлімдеге сәйкес, жеке тұлғалар бойынша: 

1. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін банк осы төтенше жағдай салдарынан төлем мерзімі өткен кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Барлық іс әрекеттерді банк өзі автоматты түрде орындайды. Ол үшін банкке арнайы келудің қажеті жоқ; 

2. Қазақстанда орын алған төтенше жағдайдың салдарынан төлем мерзімі 90 күннен асқан кепілсіз тұтынушылық заемдар бойынша ҚР заңнамасына тиісті толықтырулар қабылданғанда және олар өз күшіне енген күннен бастап, банк пайыздық сыйақының есептелуін тоқтатады. Жоғарыда аталған есептеулер тоқтатылғанда банк қосымша хабарлайтын болады.  

ЖК және ШОБ субъектілері бойынша: 

3. Банк жеке тәртіпте кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін 90 күнге дейін ұзартады (төлемдердің жаңа кестесі қарастырылады). ШОБ клиенттері online-желілері арқылы және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелерге хабарласа алады.

Тағы да оқыңыз: