Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктерінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығымен 9 түрлі азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары бекітілді.
Осыған орай, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 202-бабына сәйкес сауда субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті бағаларды арттыруы – жүз айлық есептік көрсеткіш (265 100 теңге), жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – екі жүз айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.