Тергеу изоляторында аспазшы болу қиын ба? – Kyzylorda News
Басты бет

Тергеу изоляторында аспазшы болу қиын ба?

22.10.2021, 17:16

217 0

Kyzylorda-news.kz. Темір тордың ар жағында жұмыс жасау көпшілік үшін қиынырақ көрінетіні анық. Соның ішінде әйел затының қылмыскерлермен қатар жүруі әрине қауіптірек саналады. Бірақ, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы аспазшы Гүлжан өз ісімен батылдық танытып келеді.

«Бұл мекемеге, жұмыссыздарды тіркеу орталығының электронды еңбек биржасындағы жарнама арқылы келдім. Мұндағы жазасын өтеушілерге сотталған деп қарамаймын. Олар қате басып, шатасқан жандар. Үйлерінен жырақта. Іштей жабырқаулы бір-бір үйдің азаматтарының көңіл-күйінің болуы, күнделікті ас мәзірінің ерекшелігіне де байланысты деп ойлаймын. «Ас – адамның арқауы» деген, қамаудағы азаматтардың тамақтануына мұнда аса жауапкершілікпен қарайды. Күнделікті жұмыс жасауға, асхана ішінде барлық жағдай жасалған. Тыл бөлімі қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырады», – дейді аспазшы.

Күннің суытуына байланысты, енді жеңіл тағамдардан орнына, тойымды тағамдар беріледі. Ал, ағзаға пайдалы дәрумендерге бай, С, Е, РР, В дәрумен тобы, құрамында калий, кальций, натрий, магний, бал, цинк, темір, фосфордан тұратын алма мен лимон және жеміс шырындары жыл он екі ай үзілмейді. Сонымен қатар, балық, сүт тағамдары да жиі беріліп тұрады. Медицина бөлімінің арнайы есебінде тұратындарға арналған диеталық мәзір, тиімді тамақтанудың есебінен физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Қоймадағы азық-түлік тауарлары да, сапалы сертификаттармен келеді.

Сондықтан, тергеу мекемесіндегі сотталғандар күнделікті балғын көкөніс пен сапалы азық-түліктен жасалған, аспаздарының дәмді етіп дайындаған тағамдарына дән-риза.

0

Пікір қалдыру