Kyzylorda-news.kz Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бүгін партияның облыстық филиалының белсенділері мен «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері Сырдария өзенінің жағасын тазалауға шықты.

Партияның ұйытқы болуымен өткен шараға партияның бастауыш ұйымдары мен фракция мүшелері қолдау білдіріп, Сырдария өзенінің Арай 4 мөлтек ауданы маңындағы жағалауын қоқыстан тазартты.

Өзен ағысы қатты болғандықтан жиналғандарға партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова алдымен сақтық шараларын түсіндірді.

Атап өтейік, акция барысында аманаттықтар өзен бойындағы пластикалық және шыны құтыларды қапқа салып, аумақты ретке келтірді.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара апта сайын сайын жалғасып келеді. Бір өкініштісі өзеннен балық аулауға келген азаматтар отырған орында қалдықтарды тастап жинап кетпейді. Сол себепті бұл жерлер қоқыс орнына айналған. Біздер мұны тазалап қана қоймай, акция арқылы қала тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз»,- дейді «Белкөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қадиша Қорғанова.

Жалпы «Таза бейсенбі» акциясы өңірде әр апта сайын сайын жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Сыр халқы белсене ат салысуда. Дегенмен акцияның мәнін түсінгенмен, оны сақтауға келгенде салғырттық танытып отырғандар аз емес. Сондықтан тазалықты сақтамағандарға шара қолдану мәселесін әлі де күшейту қажет секілді», - дейді партияның облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева.

Жалпы акция бастау алғалы тазалық жұмыстары аясында аманаттықтармен 15 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

448927063_880598200772484_1778685334027255526_n.jpg449082361_880598594105778_3424512267297725480_n.jpg449100172_880598557439115_3703881060088680192_n.jpg449164707_880598627439108_5044773377744622374_n.jpg

Тағы да оқыңыз: