Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекені тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында «Chevrolet Lacetti» жеңіл автокөлігі жанып кетті. Бұл туралы Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі хабарлады.

Автокөлік Ресейден Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан. Оқиға орнына Тартоғай өрт сөндіру бекетінің 4 маманы өрт сөндіру көлігімен дереу жетті.

«Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, нақты іс-қимыл атқарды. Нәтижесінде өрт оқшауланып, 19 сағат 59 минутта толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова

Тағы да оқыңыз: