Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тамыз айында ауаның орташа айлық температурасы шілдеге қарағанда 2-2 жарым градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 градусқа төмен болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оған себеп, тамыз айында күннің ұзақтығы солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады. Сондықтан Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градус, оңтүстікке қарай 27-29 градусқа жетеді.

Болжам бойынша жаздың соңғы айы климаттық норма шамасында болады.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа массаларының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын жаңбырлы күндер қатар болады. Оған Скандинавия аймағынан суық ауа массаларының енуіне және Жерорта теңізі мен Ираннан шығатын оңтүстік циклондарсебепші болмақ. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын шашынның мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз: