Талғат Дүйсебаев: Мұндай жағдай барлығымызға қауіпті – Kyzylorda News
Басты бет

Талғат Дүйсебаев: Мұндай жағдай барлығымызға қауіпті

16.04.2021, 9:50

356 0

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданындағы эпидахуалдың күрделі болуына байланысты аудан әкімі Талғат Дүйсебаев адам көп келетін «Қазпочта» АҚ аудандық бөлімшесі, «Халық банкі» АҚ аудандық филиалы, ХҚКО мекемелерін аралады.

Аудан басшысы аудандағы жағдайға байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.

«Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді. Ауданда індет жұқтырғандар саны көбеюде. Мұндай жағдай барлығымызға қауіпті екені анық. Сондықтан дезинфекциялық талаптарды және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, жұмысты үйлестіру керек. Түрлі қызметтер бойынша көп келетін мекеме болғандықтан барлығына бір мезетте қызмет көрсетпей, тиісті талап бойынша ғана жұмыс істеу қажет. Мекемеге кірген әрбір адамның дене қызуын арнайы құрылғымен тексеру міндетті», – деді аудан әкімі.

Мекемелерді аралаған аудан басшысы тұрғындарға да бүгінгі эпидахулды атап айтып, сақтыққа мән беруді жеткізді. Осындай күрделі шақта барлығына түсіністікпен қарап, карантиндік шектеу талаптарын сақтауға шақырды.

0

Пікір қалдыру