Kyzylorda-news.kz. 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы шайқаста қазақстандық батальонның 17 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан әскерилерді еске алу рәсімі өтті.

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Болатбек Айтбенбетов қатысты.

«Ерлік өшпейді, ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Қастерлі Отанның қауіпсіздігі жолында жаужүрек ұландардың атқарған істері мәңгілік құрмет биігінде. Төрт сағатқа созылған кескілескен сол ұрыс 17 сарбаздың жасын, ғұмырын мезгілсіз қиды. Дегенмен, олар ел сенімін адал ақтады, жауға жанкештілікпен тойтарыс беріп, ұрпаққа ұран болар ерліктің ерен үлгісін көрсетті»,-деді.

Еске алу шарасы Отан үшін жанқиғандарға мәңгілік даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

????????????????????????????????????

Тағы да оқыңыз: