Kyzylorda-news.kz. Былтыр Байқоңыр қалалық сотының үкімімен 3  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған қала тұрғыны жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін қалалық сотқа бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолданған.

Сотталған байқоңырлық жыл басынан бері бірнеше рет қоғамдық тәртіп пен құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан қасақана тәртіп бұзып, құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбаған.

«Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктерге тартылуы – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады. Пробация қызметкерлері  аталған сотталғанға қатысты ұсынымды Байқоңыр қалалық сотына жолдады», – дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны А. Танбаев.

Тағы да оқыңыз: