Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты.

«1064 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын үй салынды, оның 14-і (604 пәтер) жеке инвесторлармен салынған. Одан бөлек, 1190 пәтерлік 28 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жаңа қаланың жас отбасыларына жағдай жасау үшін 320 орындық балабақша салынды. «Болашақ» университетінің кампусы құрылысы да аяқталуға жақын», – дейді аймақ басшысы.

Алдағы жылдары дарияның сол жағалауында Неке Сарайы, дарынды балаларға арналған физика-математикаға бейімделген мектеп-интернат пен жатақхана, жабық көпсалалы футбол манежі, музыкалық драма театр, көпсалалы аурухана, сауда-жәрмеңке кешені және тағы басқа нысандар бой көтереді.

«Жеке инвесторлардың күшімен сол жағалауды дамыта отырып, мемлекет үшін де, бизнес үшін де тиімді жобаны іске асырамыз. Себебі, бюджет есебінен тек инженерлік коммуникацияларын тарта отырып, өткен жылы инвесторлар есебінен тұтастай шағын аудан құрдық», – дейді Қуанышбек Ысқақов.

Тағы да оқыңыз: