Kyzylorda-news.kz. Сырдарияның қызылордалық бөлігінде су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. 

«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария өзені – проток Жосалы ГБ-де су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей 08:00-де 638 см (…) Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», – делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Синоптиктер атап өткендей, қауіпті деңгей: 665 см (судың өзен жайылмасына шығуы).

«Шекті деңгей 720 см. (елді-мекенді су басу)», – делінген хабарда.

Тағы да оқыңыз: