Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында “Бектас-Қоныс” кен орнында өрт шығып, 3 жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

1 желтоқсанда сағат 01.34-те “Қызылорда-Құмкөл” тас жолының 108 шақырымында “Бектас-Қоныс” кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

“Бектас-Қоныс” кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болдыЖатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

“Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым жердегі асханаға орналастырылды”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, “ПОЖМонтажҚұрылыс” ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, “ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы” ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыз: