Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында карантиндік талаптардың сақталуына байланысты 3 мониторингтік топ құрылған. Мониторингтік топтар пандемия басталғалы бері карантиндік шектеулердің сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік нысандарды аралауда.

Қазіргі таңда елде коронавирустық инфекцияның таралуы қайта өршуде. Сондықтан сақтық шараларына аса мән беру керек. Осыған орай, мониторингтік топтар аудандағы білім мекемелерін аралап, карантиндік талаптардың сақталуын қадағалап келеді.

Бүгінде ауданда 4 мектепте дәстүрлі түрде сабақ жүргізілуде. Қалған 13 мектептің мектепалды даярлық, 1-5 және 9, 11 сынып оқушылары кезекші топ құру арқылы оқытылуда. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптар сақталған. Мектептер мен балабақшалар санитайзерлермен қамтамасыз етілген.Мониторингтік топ мүшелері ара қашықтықты сақтап, қорғаныш құралдарын үнемі қолдануды ескертті.

Тағы да оқыңыз: