Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында Конго-Қырым қанды безгегінің індет ошақтарындағы мал басы мен қораларына күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылдың 13-28 қыркүйек аралығында Сырдария ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында аталған аурудың қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз 6 ауылдық округтерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, Айдарлы, Аманкелді, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ақжарма, Іңкәрдария ауылдық округтерінде «Сәтті-түлік»» мердігер мекемесінен 7 техника, 8 адам бөлініп, «Дизицип» препаратымен төмендегі кестеге сәйкес екі реттен кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған орай, аудандық жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі тұрғындардан залалсыздандыру жұмыстарының сапалы әрі тиімді болуы үшін мал қораларына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Тағы да оқыңыз: