Сырдарияда кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде – Kyzylorda News
Басты бет

Сырдарияда кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде

17.09.2021, 10:00

343 0

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл кәсіпкерлерінің жұмысымен танысты.

Алдымен, Қалжан ахун ауылдық округіндегі қой шаруашылығымен және пескоблок өндірісін дамыту жұмысымен айналысатын шаруашылықта болды.

Нұрлыбек Еспанов жеке кәсіпкер 2020 жылы 505,0 мың теңге «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы несие алған. Қазіргі таңда 13 бас қойы бар. Алдағы уақытта төрт түліктің бірі жылқы малы кәсібімен айналысу жоспарында бар.

Жеке кәсіпкер Шынарай Мұхтарова 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 6 млн. теңге алған. Қуаттылығы 1 тәулікте 500 дана пескоблок шығарады. Кәсіпкер 4 жұмысшыны жұмыспен қамтып отыр.

Мұнан соң аудан әкімі С.Сейфуллин ауылдық округінде той жасауы және компьютерлік қызметтер көрсету жұмыстары, қоғамдық монша жұмысы және № 137 орта мектеп жанындағы футбол алаңының демеушілік есебінен жүргізілген күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Меруерт Жаханова 2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдаудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттен 505 мың теңге грантын алып, қазіргі уақытта жұмысының нәтижесін көруде.

Абай Тоқтаров 2015 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысып келеді. 2019 жылы қоғамдық моншаны кеңейту мақсатында «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2,5 млн теңге несие алып жұмысын жалғастыруда. Күніне 10-15 адамды қамтып отыр. Алғашқы жұмыс орны жобасымен 1 адам жұмыспен қамтылған. Аудан әкімімен кездесу барысында жеке кәсіпкер алдағы уақытта макарон цехын ашу жоспары бар екенін айтты.

№ 137 орта мектеп жанындағы футбол алаңында жаттығып, шыныққан оқушылар «Жас қайсар» құрамасында ойынға қатысады. Футбол алаңын жөндеу жұмыстарына демеушілік жасап жатқан «Жандос» ШҚ-ның директоры Серік Арық. Қазіргі таңда құны 5,5 млн теңгеге футбол алаңын күрделі жөндеуге қажетті құрал жабдықтарын алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Ауданда басым бағыттардың бірі- кәсіпкерлікті дамыту. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерліктің алар орны орасан.

0

Пікір қалдыру